Гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің жоспары бойынша 5 - 16 ақпан аралығында ашық сабақтар онкүндігі өткізілді.
Мақсаты : Білім беру сапасын арттыру жіне оқушыларды тәрбиелеу мақсатында инновациялық технологияларды жән білім берудегі жаңа тәсілдерді қолдану.
Жаратылыстану,география пәнінің мұғалімі Абылхаева Ж. Г 5 сыныпта "Фотосинтез" тақырыбына сабақ өткізді. Сабақ жаңартылған бағдарлама мазмұны бойынша жүргізілді. 6 сыныпта "Понятие о гидросфере" тақырыбына
өткізді. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Неволько Е.В. - 2 сабақ өткізді: 6 сыныпта - орыс әдебиетінен"Легенды и притчи Ветхого и Нового Заветов", ал 7 сыныпта жаңартылған бағдарлама мазмұны бойынша - орыс тілінен"Бездомные: Если дома нет..."тақырыбына сабақтар өткізді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Омарова А.С. 2 ашық сабақ өткізді: 5 сыныпта "Тіркемелі трактор" тақырыбына. Сабақ жаңартылған бағдарлама мазмұны бойынша жүргізілді.8 сыныпта тақырыбы - " Себеп бағыныңқы сабақтас" . Тарих пәнінің мұғалімі Жұматай С.Ж. 5 сыныпта "Сақтардың А. Македонский әскеріне қарсы күресі "және 8 сыныпта" Қазақстандағы 1867 - 1868 жылдардағы реформалар"тақырыптарына сабақтар өткізіді.Барлық сабақтар өте қызықты, жаңаша болды. Онкүндік өз мақсатына жетті. Барлық мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз.
Қорыта келе, келесі нәтиже жасауға болады:
ü мұғалімдер сабақтың
педагогикалық мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыра алады;
ü сыныпта сабақ беру әдістерін тиімді қолдана алады; ü сабақта оқушылардың қызметін ұйымдастыра алады; ü сабақта қолайлы психологиялық қарым-қатынас жасай алады; ü түрлі ақпарат көздерін, оқытудың дидактикалық және техникалық құралдарын, Интернетті пайдалана алады; ü сабақты қалай құру және талдауды біледі . Айта кету керек, барлық мұғалімдер интерактивті, компьютерлік технологияларды өз сабақтарында белсенді пайдаланады. Сабақ білімнің іргелі, интегралдау құраушысы болып табылады, оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сабақты жақсарту үшін талап деңгейін төмендете алмау керек. Мұғалімнің барлық кезеңдеріндегі сабақ үнемі назар орталығында болуы керек.