"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қостомар ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Начальная школа села Костомаровка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"        

СоцСети

Мектеп тамақтануы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«МӘҢГІЛІК ЕЛІМІЗДІҢ – МӘҢГІЛІК ТІЛІ»

13.02.2018

мәңгілік тілі»

   

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға

ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттың

мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек,

әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының

қандайына болса да қарсы тұруы тиіс. Тіл- таусылмайтын байлық. Қанша тіл

білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік

тілін білуге міндеттісің. Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл жеке адам ойлап

тапқан, туынды емес ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Тіл арқылы

даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. «Өнер алды – қызыл тіл» деген

осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Тіл

құдіреті – ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді

жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе,

бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Адамды

мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі.

  

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың

барлық салаларында  қолданылатын тіл

болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде

болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де,

саналы ұрпақпен кеңеймес. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді

көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ

тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген

ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл

байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәденитетті адам бола алмайсың.

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе

жатқан Нұрсұлтан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде

тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның

басты мақсаты – экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30

елдің қатарынан көрінуі. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін

Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың Қазақстан Халқына арналған жолдары осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі

жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни,

Қазақстандық дамудың бағыт-бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан»

жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Стратегияны

мүлтіксіз орындау, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!, -

деп атап өтті Елбасы өз жолдауында. Мемлекеттік тіл осы стратегияның бір

бөлігі.

  

Қазақ тілі қазақ еліне нық орнықпай, бұл жоба орындалмайды. Ал оның

орындалуы қазақ халқының ғана қолында. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі

бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі – ана

тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап,

бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Ал

мемлекеттік тілді ата-бабасы күш-жігерімен қорғап қалған қазақ баласы да, сол

кездегі солақай саясаттың зардабынан мәжбүр болған өзге ұлт өкілдері де, жалпы

жүрегі қазақ деп соққан әрбіреуі  патриот

болуы тиіс. Ал егер ол өткенді білмесе, болашақты болжай алмайды. Қазіргі таңда

мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде

табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын қаржы

бөлінеді.Елбасы өз жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен

жетістіктерімізге тоқтала келіп: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар!

Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады. Оны даудың тақырыбы

емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн»,- деп ой түйді. Олай болса, ана

тілімізді – мәңгілік тіл ету өз қолымызда.

 

«Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкүлікті

емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл

байлығы екенін ұмытпайық.

Просмотров: 609


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст