"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қостомар ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Начальная школа села Костомаровка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"        

СоцСети

Мектеп тамақтануы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабақтың тақырыбы:Өнеге - отбасынан

06.02.2018

Сабақтың тақырыбы:

Өнеге

- отбасынан

Мақсаты: Жанұядағы әже мен немере, ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты

нығайту. Ата мен әжеге деген

сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата – ананы құрметтей

білуге тәрбиелеу. 

Көрінекілік:  интерактивтік тақта , презентация

Сабақтың барысы:

Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық

ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының

қайырымды,мейірімді,ақылдыіскер

болуын тілепсол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта

береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады. 

Әже- ақ

сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәуреннің басы

болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі. Өмір өрнектеріне,тіршілікке

көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан

жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып

нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді. Сынып сағатымызды жұмбақ

шешуден бастайық:Жұмбақ шешу: 

Айтары мол ғұлама, 

Көп жасаған бұл адам. 

Әкесі ол әкеңнің, 

Білер оны сұраған, 

Ол кім?    (Ата)

Аймалайды «Күнім»деп,

Мейірімді жүзі күлім деп. 

«Тәтті-ақ» дейді немере, 

Бал шырындай үнің деп. 

Ол кім?    (Әже) 

Онда әкем - анам тұрады

Ата - әже бауырым

Бәрі бірге қосылып

Бір ұғымды құрады 

(Отбасы)


- Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз отбасы жайлы болмақ.


Анаң - күнің жүрегің

Әкең - өмір тірегің

Әжең - асыл ардағың

Атаң - дана қорғаның

Ағаң - қамқор асқарың

Інің - мөлдір аспаның – демекші,  Менің

отбасым – сыйластық, жарастық орнаған ортам.Баланың шыр етіп өмірге келуі — зор

қуаныш. Өйткені, бала өмірдің сәні, отбасының шаттығы, Алланың берген сыйы.

Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді шілдеханамен қарсы алып, тербелген

тал бесікке салған. Бесік жырымен әлдилеген, алақанға салып аялаған. Тәрбиесіне

жауаптылықпен қарап, бойына жақсы қасиеттер сіңіруге тырысқан.

Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын

ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның

ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Бізге ең жақын, ең

қымбат жандар отбасында тұрады. Ата, әже, әке, ана, аға,  әпке, сіңлі,

қарындас – отбасы болып есептелетінін сендер білесіңдер. Олар бір-бірін жақсы

көреді, сыйлайды және қамқорлық жасап жүреді. Отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрып

пен салт-дәстүр ата дәстүр түрінде атадан балаға, әкеден немереге беріліп,

бүгінгі күнге де жетті. Адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы, сыйластық,

жарастық ортасы да отбасы.

Ана – бала

тәрбиесіндегі ерекше тұлға.Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы

орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ

сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті

түрде тәрбиеленуі туралы айтады.

Бала

тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсіресе, ер бала тәрбиесінде.Әкенің қатаң

талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға

бола алады. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Ер бала

ең алдымен әкенің өнегесінен нағыз ер адам қандай болу керектігін қабылдайды.

Халқымызда

«Балаң өскенше, немерең өлгенше» деген сөз бар. 

Бала,немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді. Осы өлеңді Кунсулу

оқып береді.

Бала деген бал екен, 

Бал дегенің бала екен. 

Немеренің бойында, 

Бар жақсылық бар екен. 

Туған балаң жай ғана, 

Демесең де жат бөтен, 

Нағыз бала ойласаң. 

«Немере» екен тәтті екен.

Мен

атамның жалғасымын 

Ата-бабаң ардақты 

Жамандыққа бармапты. 

Ардақ тұтып үлкенді, 

Ата жолын жалғапты деп,  ата туралы

өлеңді Нуржан оқып береді.

Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем

 Атам менің әманда,

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

Атам менің әманда

Әділетті бол деген,

Ата сөзі санамда

Жүрмін тура жолменен.

Атам-менің

ақылшым.Ата немересін батылдыққа, батырлыққа, ер жүректікке, адалдыққа,

қайраттылыққа, ұлтжандылыққа, әйел баласына серілік қарым-қатынас танытуға,

отағасы қандай болу керек екендігін өз тәжірибесі арқылы үйретіп, үй еңбегінің

аса қиын соғатын істерді өз мойнына алуға талпынуға тәрбиелейді.«Баланы дұрыс

тәрбиелеу - бұл біздің қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек

қасіретіміз»

А. С. Макаренко 

Мен үшін атам мен әжем ең асыл, ең

қымбатты адамдар. Атам мен әжем - ардақты ұстаздар. Әңгімелері ақылға қонымды,

жүрекке жылы тиеді, үнемі мені жақсылыққа үйретіп отырады

демекші, әже туралы өлеңдерді Алдияр, Жолан және Асылхан   оқып береді.

Әжем менің, ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен.

Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді.

Әжеме ешкім жетпейді! 

Еркелесе «күнім» дейді,

Ұрысқаны білінбейді.

Маңдайымнан иіскеп мені

«Құлыншағым», «Күнім» дейді.

 

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем – гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін,

Нағыз ана тілі әжем

Менің әжем сымбатты,

Әжем маған қымбатты.

Құрт пен майын жинайды,

Бізге оны сыйлайды.

Әжем мені «айым» дейді,

Мен мұңайсам үайым жейді.

Анам мені «күнім» дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

Тентекболсамашынып,

Жақсыісқылсамасырып.

Маған сақтапжүреді,

Тәттінідежасырып.

Тосыптәттідәмдерін,

Олбаржердебалжедім.

Менұйықтардаайтады,

Ертегісінәндерін.

Біздіңүйдеосындай,

Әжетайымбарменің.

Сіздердің назарларыңызға :

Әжемнің кеңесі

(Қолын жуғасын, Берік қолын

сілкіп қалады.)

Бәріңе сабақ болсын, естеріңде жүрсін! Сен қолыңды жуған соң бірнеше рет

сілкідің. Бұл өз ырыс- нәсібіңді төккенің, суыңды айналаға шашып, әдепсіздікке

бөккенің.Жаман ырымды бастама, ақылсыздықты жұрт алдына тастама.

Бекжан бір қолымен нанды үзіп жейді де, үгіндісін тастайды.

Нанды бір қолымен үзу деген киелі асты қорлаумен бірдей. Ертеде халқымыздың

ұғымында нан уағын тастама «обал» болады, «жеп қойсаң бай боласын»  деп

тәрбиелеген.

 

Пішақтың жүзі шалқасынан жатыр екен. Оны көрген әже былай

кеңес берді:

Ойбай, мына пышағы түскірдің жүзі

шалқасынан жатыпты  ғой, жөндеп қойыңдар. Ол кездейсоқ пәлеге ұрындырар.

 

Бала : «Әжетайым, жүріңіз тамақ ішейік!»- дейді.

Үйдің еркегі келмей тұрып дастарханға отыру дұрыс емес. Қазір әкең келсін,

бірге отырып ішеміз.

 

«Бабаларым,

рахмет сендерге! 

Балаларым болмасын

деп бос кеуде, 

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің, 

Өмірге мен мылқау болып енгенде 

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне,

балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек

жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді

болу арқылы ғана, оларды  құрметтеп сыйлау

арқылы ғана қайтара аламыз. 

Сынып  сағатын мына өлең жолдарымен

аяқтап келгім келеді.

Асыл

әжем әні –орындалады ( көрермендер отбасы туралы слайдтарды

тамашалайды).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Просмотров: 986


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст