Дарынды оқушымен жұмыс.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық
жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету
оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту
арқылы жүзеге асады.
Дарынды
оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының
болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы
мұғалімге байланысты.
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл
педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру
және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.
Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша
құрметеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау
қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып,
одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған
ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.
Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде
қабылдау.
Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны
орындай алатындығына сенімін нығайту);
Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ
уақытын өз бетінше пайдалануы);
Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
Ата- аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда
ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде
білу;
оқушы дарындылығының моделін білу;
қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның
басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс
жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:
дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып,
сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете
алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын
мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби
біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу
жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық.
Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне
жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып
табылады