Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілінен оқушының сөздік қорларын байытып, тілін дамыту ерекше орын алады. Сыныпта сөздік қорды дамыту жұмыстарының түрлері алуан түрлі. Олар заманның ағымына қарай, мектепте оқу – тәрбие үрдісіне сай үнемі дамып, жаңа оқыту технологияларымен толығып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа саймүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп отандық педагогтар алдына бағдарлы мақсат жүктеп отыр. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі мол болады. Тауып сөйлеу, ойын анық білдіру қажетті сөзді қолданумен тікелей байланысты. Сондықтан тіл дамытуда оқушының сөздік қорын байытуға ерекше мән беріледі. Сөздік жұмысы әр сабақ үстінде, жыл бойында, бүкіл оқу кезеніңде белгілі жоспармен, жүйемен жүргізілуі керек. Оқушы сабақ сайын сөз үйреніп отырады. Оқушыға үйретілген жаңа сөз мәтінде, диалогтарда жаттығуда қолданысымен байланысты беріледі. Сабақ сайын жылма – жыл әр сыныпта оқушының сөздік қоры өсіп отырады. Әр сабақта үйретілген жаңа сөзді оқушының күнделікті өмірде, қарым – қатынаста белсенді сөздігіне айналдыру – оқушының сөздік қорын байытудағы негізгі мақсат болып саналады. Сөздік қорын оқытуда оқушылардың ізденіс аударма жұмыстары ерекше орын алады. Мұнда оқушыларды жеке дәптерге жазып отыруға дағдыландыру қажет. Сөздік дәптер үйде күнде оқылғанда, тек жаңа сөздер
ғана емес, ол түгел қайталанады, әрбір оқушы сөз тіркестерін құрайды. Сол бойынша сөйлемдер құрастырады. Бұл күнделікті өмірмен байланысты болғандықтан, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра түседі.
Оқушылардың сөздік қорын байыту суретті сөздік ретінде, кейін аударма ретінде жасалады. Оқушының сөздік қорын байытудың тағы бір жолы – мақал – мәтелдер сөздігін жасату. Мақал – мәтелдер сөздігін оқушы сөйлеу
кезінде, мазмұндама, шығарма жазғанда пайдалануына болады. Жаңа сөздер қатысқан мақал – мәтел жаттау, өлең жаттау өте пайдалы, ол сөздердің ұмытылмауына үлкен ықпал жасайды және сөздердің қолданысын үйренуді бекітеді.
«XXI ғасыр көшбасшылары», «Абай оқулығы» олимпиада қызықты ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстарға оқушылар белсенді түрде қатысады. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыға қазақша сөйлеу ортасы жасалып, оның қазақша қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туады. Оқушы қазақ тілінде өлең, мақал-мәтел жаттайды, мәнерлеп оқуға
жаттығады, қазақша газет шығарады. Осының бәрі қазақша жүргізіледі. Ол оқушының сөздік қорын байытады, сөйлеу дағдысын бекітеді,тілін дамытады.
Қорыта келгенде. Мемлекеттік тілді меңгеру, сөзді меңгеру және оның мағынасын түсініп қолдану – оқушының тілін
дамытып, тілдік қарым-қатынас жасаудың басты құралы. Сондықтан оған мектепте аса зор көңіл бөлінеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Н.Оралбаева, К.Жақсылықова. «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі».