«Брейн-ринг» сайысы
Бұл сайысқа 5-7 сынып оқушылары қатысып, 3 топқа бөлінді.
І-бөлімде жеңіп шыққан екі топ, ІІ-бөлімге қатысып жеңімпаз атанады.
І-бөлім
«1» тобына қойылған сұрақтары:
1.Бөлімі 5 тең болатын дұрыс бөлшектерді атаңыз. /
2. Ең кіші уақыт өлшемі. /секунд/
3. 7 жай сан ба, құрама сан ба? /жай/
4. Ең үлкен екі таңбалы сан /99/
5. 6 пен 8 сандарының ең кіші ортақ еселіктері./24/
6.15 санның бөлігі неге тең? /9/
7. Көбейтінділері 1-ге тең бөлшектер қалай аталады? /кері сандар/
8. Тік төртбұрыштың ауданының формуласы /S=ab/
9. 15 санның бөлгіштерін атаңдар. /1,2,3,5,15/
10. аралас санды жай бөлшекке айналдырыңдар. 11/4.
«2» тобына қойылған сұрақтары:
1.Бөлімі 4 тең болатын дұрыс бөлшектерді атаңдар.
2.Ең үлкен уақыт өлшемі /1 ғасыр/
3.8 жай сан ба, қүрама ма? /құрама/
4.ен кіші екітаңбалы сан /10/
5.4 пен 6 сандарының ең кіші ортақ еселігі /12/
6.20 санның бөлігі тең. /15/
7.Алымдары 1-ге тең бөлшектер қалай аталады? /аликвоттық/
8.Қашықтық табу формуласы /S=vt/
9.16 санның бөлгіштерін атаңдар /1, 2, 4, 8,16/
10.аралас санды жай бөлшекке айналдыр. 17/5.
«3 тобына қойылған сұрақтары:
1.2 ғасырда неше жыл бар? /200/
2.Қандай сандар қарама –қарсы сандар деп аталады?/ айырмашылығы тек таңбасында/
3.-25: (-5)тең. /5/
4Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? /0/
5.Миллионда неше ноль бар? /6/
7.Шаршының неше қабырғасы бар /4/
8.14< -8 теңсіздігі дұрыс па?/ қате/
9.Екі теріс санның қосындысы қандай сан /теріс/
10.Масштаб дегеніміз не? /Сызбадағы өлшемнің нақты өлшеміне қатынасы/.
Қосымша қойылатын сұрақтар:
1.3 аптада неше күн бар?/21/
2.Қандай сандар нольден артық /оң сандар/
3.Екі теріс санның көбейтіндісі қандай сан?/ оң сан/
4.-7 санның модулі тең /7/
5.10000 неше ноль бар? /4/
6.Үшбұрыштың неше қабырғасы бар?/3/
7.15>-52 теңсіздігі дұрыс па? /ия/
ІІ бөлім
/Оқушыларға логикалық есептер, жұмбақтар, есептеуге арналған сұрақтар қойылады/
1.Санға қосып,алсаң
Сол санның өзі шығады.
Санды оған бөлуге болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар ол санға
Шекесінен қараған,
Сан осін қақ бөлуге
Сол саныңыз жараған./0/.
2.Жылдың неше айында 28 күн бар/ әр қайсысында/
3.Егер бір жұмыртқаны 5 минутта қайнатса, 4 жұмыртқаны неше минутта қайнатады? /5/
4.40-ты 1/3-бөліп, оған 2-ні қоссақ, нәтижесі қанша болады? /122/
5.Қандай үш санның көбейтіндісі олардың қосындысына тең? /1,2,3/
6.Бөшке балымен 7 кг. Егер аюдың баласы балдың жартысын жесе, бөшке балымен 4 кг болады.
Бөшкенің салмағы неше кг? /1/
7. Егер 2 кірпіштің салмағы 8 кг болса,1,5 кірпіштің салмағы неге тең?/ 6/