"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қостомар ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Начальная школа села Костомаровка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"        

СоцСети

Мектеп тамақтануы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақша жағдайында балалардың шығармашылығын арттыру

15.06.2017

Балабақша жағдайында балалардың шығармашылығын арттыру

     Жас ұрпақ тәрбиесі – қазіргі қоғамның да, адамзаттың да күрделі де, мәңгілік тақырыбы.

    Ұлттың бүгінгі мен ертеңі тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың тұлға болып қалыптасуы шыбықтың ағаш болып жапырақ жайғаны тәрізді зор еңбекті қажет ететін ауқымы кең, жауапкершілікті талап ететін күрделі жұмыс.

Қазіргі қоғам жан – жақты, білімді, мәдени ой – өрісі жетілген, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жаңа адам тәрбиелеу, бұл елу елдің қатарына кірудің алғы шарттарының бірі ретінде қарастырады. Бұл отбасы мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлеріне орасан зор жүктеме екендігі белгілі. Бала тәрбиелене отырып білім алады.

Бала сәл көмекпен демесең қабілеті дами кететін ұрпақ, көзін ашсаң сыңғырлай ағатын бұлақ секілді.

Баланың зерттеушілік, ізденушілігі, табиғи күйі. Баланың зерттеушілік мінезі қоршаған орта туралы түсінік алуы болып табылады. Осы зерттеушілікке оқытудың мақсаты – адамзаттың, мәдениеттің кез – келген

саласында жаңа тәсілдерді өздігінен және шығармашылықпен қолдануды қалыптастыру.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін үнемі ақыл кеңес беріп, шынайы тәрбие үлгісін көрсеткен жөн. Тәрбие барысында олар өз ойларын, көргендерін сан түрлі бояулармен ақ қағаз бетіне  шимайлай түсірсе, іс - қимылмен сомдап та меңгереді.

Бала шығармашылығын арттырудың маңызды  мәселелерінің бірі  бейнелеу өнері саласындағы программа мазмұнын

анықтау болып табылады. Сурет өмір жайлы таным қасиетін оятатын мейлінше белсенді құрал. Бұл арқылы ол өзінің нені қалайтынын, өзінің талғам деңгейін, арман – мақсатын, тіпті қандай мамандықты сүйетінін, психолог мамандардың айтуынша мінезін де өзінің деңгейінен жоғары көрсете алады.

Бала шығармашылығы – өзінің заңдылықтары бар мейлінше күрделі әлем. Бұл бала өміріндегі қайталанбас, ұшы – қиыры жоқ маңызды әлем. Олар өз ойларын әлсіз саусақтары арқылы ермексазбен мүсіндеп, сурет салып

бейнелейді. Міне керемет, осы сәтті тәрбиеші мен  отбасы өз фантазиясын бала қиялымен,  ісімен ұштастыра білу керек.

Бала табиғаты жүру, жүгіру, ойнау, бір нәрсені шұқылап істеген болу мұның бәрінде де бала бейбітшілік, достықты қалауы тиіс. Біздер балаға кішкене кезінен бастап таным процестерін дұрыс қалыптастырудың шығармашылық  жолдарын іздеуіміз керек,  өйткені ол ел болашағы.

Ахмет Байтұрсынов былай деген: «Дұрыс тәрбиенің асылы – баланың тәні мен жанына керек деп танылған істерді істеу. Баланың тәні сәлемат, есі дұрыс, зейіні алғыр болып өсуіне керек істерді бала табиғатының тілеуімен,

бала табиғатының әуенімен істеу – сол дұрыс тәрбиелеу болады».

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст