"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қостомар ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Начальная школа села Костомаровка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"        

СоцСети

Мектеп тамақтануы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жанұядағы зорлық-зомбылық.

06.06.2017

Жанұядағы зорлық-зомбылық.

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым

қайғысыз өмір.

Оның кепілі – заңдылық.

Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам

бостандығы.

Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және

қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.

Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен

нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы

күрес жүргізу.

Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы

болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі

анық белгіленеді.

Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар

–балалар.

Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған.

Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты

дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.

Балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық

сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет

болып табылады.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына

тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.

Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу,

денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан

жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары

мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның

психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті

жан ауруына ұшыратуы мүмкін.

Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес

жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар.

Балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды.

Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала

тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен.

Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық.

Зорлықтың түрлері:

- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол

сұғу;

- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды

қолданатын эмоциялық зорлық;

- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын

ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;

- Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан

көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды

қолдану.

Заң жобасының негізгі мақсаттары

- Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме

беруді көтермелеу.

- Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету

жөнінде тиімді шаралар қабылдау.

- Тұрмыстық зомбылықсың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу

Аталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың

қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтарын қорғаудағы тиімділікті

арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету.

Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған

профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік

жұмыстарды өткізу керек ісі болып табылады.


 

Просмотров: 503


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст