Ұлттық тәрбие көзі – тыйым сөздер.
Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбиекөзі, яғни қазақ кішкентай
кезінен жақсылыққа үйір,жаман әдеттер денаулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп
отырғанын біз жоғарыда айтқандай.Халқымыздың қанына сіңген тектілігі,адамгершілігінің жоғары болуы,әртүрлі келеңсіз көріністерден,әбес қылықтардан аулақ болғаны
осы қазақтың тыйымының арқасы,яғни бала бойына ертеден сіңіргеннен.Құдайға шүкір,біз солата
– әжелеріміздің тыйымы мен өстік.Үлкендербізге обал – сауапты кішкентайымыздан құлағымызға сіңірді.Біздің халықнан мен тұздың қатарына ағарғанды жатқызады, өйткені ақты да қатты қадірлеген. Айталық «ақтыбаспа» дейді.
Ақдегеніміз не? Бұл – сүт, айран,қатық, қымыз, шұбат…
Осыныңбарлығыақтыңқұрамынакіреді.Өйткеніол – сүт. Мал өзінің төлін алғашқыда сүтімен асырайды.Адам баласы анасының сүтімен жетілетін болса, малдың төлі де – сол, өзінің енесінің ақ сүтімен жетіледі.
Мал да өзінің ұрпағын сүтімен өсіреді.
Оның үстіне біздің қазақ төрт түлік малдың қадірін жан
– жақты білген, өзінің өміріне тірекеткен.
Қазақ – малды көп ұстаған халық.Ақтың қадірін, өзгелерге қарағанда, дәл қазақ халқындай жақсы білетін әрі қадірлейтін халық кемде
– кем шығар… «Ақтыбаспа»,
«ақтытөкпе» деп жатамыз. Өйткені төгілген ақты баспау керектігін
мал желінінің ісіп кететіндігі мен түсіндіреді.
Алғаш найзағай ойнағанда,
көктемнің алғашқы жауыны жауған кезде киіз үйдің босағасына,
керегелерінің басына ырымдап ақ жағады. Көктен жаудырсын, жерде н өндірсін,
ақ мол болсын, береке болсын деген ізгі тілек жатыр мұның астарында.
Қазақ ұғымындағы ақ атаулы – азықтың тамақ қана емес,
ол шынымен қаншама төлді өсіріп отырған қасиетті сүт қой.
Сондықтан ананың ақ сүтін ардақтай білетін қазақ халқы малдың сүтін
де қадірлеген. Қазақта «ақ» сөзімен тығыз байланысты ұғым өте көп.
«Ақжаулықтыана», «ақсақалдықарт», «ақсүт», «ақнеке» дегендей, ақ сөзімен байланысқан ұғымы терең сөздер тазалықты, пәктікті айғақтайды. Жылан екеш жыланға
да көңіліміздің түзулігін білдіріп, жамандық жасамай, басына ақтамыз ып шығарып жібереміз.
Қазақ ешқашан үйге кірген жыланды өлтірмейді.Өйткені жылан өздігінен,
қарнын тойғызу үшін адамды шақпайды,
тиіп кеткенде өзін қорғау үшін шағады. Атамарқұм: «Енді оның тебетін аяғы, ұратын қолы жоқ,
тым болмаса әкеден бастап сықпыртып боқтайтын тілі де жоқ, жыланның жаратылысы солай,
шақпағанда қайтеді…», – дейтінеді.
Алла тағала тектен – тек
ештеңені жаратпаған. Қазақта «жатқан жыланның құйрығын баспа» деген сөздің өзі біраз жайды аңғартпайма?! Тіпті адам таңғаларлық,
қазақтың әрбір мақалының өзінде ұлттық тәлім – тәрбиенің көзі жатыр деуге болады.
Түсінген адамға тіпті қазақтың әрбір сөзінің өзі
– ұрпағын ақ алдырған үлкен қазынасы. Өкініштісі, оның мағынасына терең бойламаймыз. Бүгінде көшеде төгіліп қалған сүтке мән бермейміз,
шалпылдатып басып бара
жатқандарды да көреміз. Бұл да – ұлттық сананың,
ұлттық психологияның сұйылып бара жатқандығы…