Ақпараттық және
компьютерлік технология арқылы оқушылардың қабілетін дамыту.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау
керек», - деп көрсетілген. Солардың бірі – компьютер білім беруді
ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып саналады.
Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту
құралдарын барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық
технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын
жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық- техникалық кешен болып саналатын
«Активті экран» болып табылады.
Бағдарламалық- техникалық кешеннің
құрамына кіретін интерактивті тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және
динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың
қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те
атауға болады.
Интерактивті
құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге
көмектеседі: пән бойынша базалық білімді меңгеру; алған білімді жүйелеу; өзін –
өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
оқушыларға оқу материалдарымен өздік жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау
және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы көзбен көру жадын іске
қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп
қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігеннің 5 % және
көргеннің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видеоақпаратты бір мезгілде
қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында
мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі
үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды.
Қазіргі уақытта барлық сабақтарда ғылыми
білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті
құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол
ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология –
мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын
білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес,
бірін-бір толықтыратын сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын
ұйымдастыратын оқыту барысы.
Ақпараттық және коммуникациялық
технологиялардың кеңінен етек жайып, қоғам өмірінің барлық салаларына енуі
соңғы онжылдық ішінде әлем дамуының жаһандық үрдісіне айналды.
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді
жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы, білім берудің мақсаты – терең
білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде
еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға, адамгершілік тұрғысынан жауапты
шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни, жеке тұлғаны
қалыптастыруға негізделген, ақпараттық технологияны терең меңгерген, жылдам
өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.