Текст
Ақпан айының 6-сі күні жалпымектепішілік саптүзеуде «Өзін-өзі тану: «Мейрімді әлем-
Өзін-өзі тану!» атты онкүндіктің ашылуы өтті. Өзін-өзі тану
пән мұғалімі Абылхаева С.С. өзін-зі тану пәні бойынша және адам бойына жақсы қасиеттерді сіңіру жайында сөз сөйлеп оқушыларды құттықтады.
Оқушылар онкүндікте жүргізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылды және оқушылар жалпыадамзаттық құндылықтар жайында ойларын айтты, 5-сынып оқушылары өзін-өзі тану пәні туралы өлең жолдарын айтып өтті, 3 сынып «Бала тілегі» атты ән шырқады, 9 сынып оқушылары балалармен ойың откізді және барлығы қосылып ән шырқады.