Жақында Викторовка орта мектебінде аймақтық ғылыми жобалар жарысы аяқталды. Викторовка орта мектебінінің директоры Касенова Ж.Ж. сөз алып, оқушыларға сәттілік тіледі. Өңірдегі өздеріңіздей білімді, талантты балалар ертең еліміздің атын шығарады. Бүгінгі байқау соның алғашқы қадамы ретінде өткізіліп отыр. Осы сайысқа қатысушылардың бәріне сәттілік тілеймін! – деді ол өз сөзінде. Түрлі секциядан тұрған жарыс барысында оқушылар сан қырынан көрінді. Әсіресе, олардың зерттеп, зерделеген жұмыстары қазылар алқасының оң бағасын алып жатты. Біздің мектептен сайысқа үш жоба қатысты. 1-ші орынға ие болған Акулян Артем 4-ші сынып оқушысы. Оның жобасы «Аралар- бал дәрумендік қасиетті бар зат» әділ-қазылардан жоғары баға алды. 4-ші сынып оқушысы Жанбатырова Сабина «Дәрумендік өсімдіктер» туралы жобасын қорғады. 7-ші сынып оқушысы Мукушева Аружан « Под единым шаныраком» атты жобасын ұсынды. Осы балалардың жұмыстарына 3-ші орын берілді. Бұл біздің мектептің үлкен жәңісі деп айтуға болады. Оқушылар әр секцияда жүзден жүйрік атанып, аудандық кезеңге жолдама алды.