"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қостомар ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Начальная школа села Костомаровка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"        

СоцСети

Мектеп тамақтануы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Активные методы обучения.

17.01.2020

Жаңа технология -  іс жүзінде

        Әр уақыт кезеңінде адамдардың ақыл – ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны заңды құбылыс. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында “ Біз білім берудегі жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. “ Өмір бойы білім алу “ әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс” деп атап көрсеткен. Білім беру жүйесінің өзекті мәселесі болып отырған “ Өз бетімен дами алатын жеке тұлға қалыптастыру” міндеті : педагогтер қауымына уақыт күттірмейтін жауапкершіліктер жүктейді. Білуге құштар, білімді қажеттілікке айналдырған жеке тұлға қалыптастыру құралы - технологиялар. Педагогикалық іс – әрекет саласына “технология” деген сөздікті енгізу “индустриялдық” технология (Ф.Б. Гильбрейт, Ф.У. Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар (В.П.Беспалько, П.И. Пидкасистый және т.б.) қолдайды. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс – әрекетін (Т.А. Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.       “Технология” деген термин гректің түп тамыры techne – өнер, шеберлік, кәсіп және loqos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. XXI ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендіру оның білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпаратты технологиялар маңызды рөл атқарады. Ақпараттық технологиялар практика жүзінде қоғамдағы барлық мамандық салаларына байланысты пәндерді оқытуға қатысты.      Ақпараттық технология ақпаратты алудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары . Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады». Осы орайда сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше. Ақпараттық технологияларды қазақ тілін оқыту үдерісінде пайдалану оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, жан-жақты дамыған оқушы иесі ретінде танылуларына негіз бола алады.Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн.

АКТ-ны қазақ тілі сабағына енгізгенде мынадай нәтижелерді көруге болады:

  1. Пәнге деген қызығушылық, сабақта оқушылардың өз бетімен жұмыстануының артуы.
  2. Оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауы.
  3. Оқу үрдісіне әр оқушының белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
  4. Оқушылардың танымдық шығармашылық деңгейін арттыру.

Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйтқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын, танымдылығын дамытады.

Қорыта айтқанда, қазақ тілі сабағында ақпараттық коммуникативті технологиялар оқушының жаңа ақпаратты меңгеріп, өз бетімен ізденуіне, пәнге деген қызығушылығын арттыруда, мектепте алған білімін күнделікті өмірде жасқанбай қолдануға септігін тигізеді.

 

 

 

Просмотров: 582


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст