"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қостомар ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Начальная школа села Костомаровка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"        

СоцСети

Мектеп тамақтануы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Травматизм. Себептері мен алдын алу

07.12.2020

Жарақат деп бала ағзасына сыртқы ортаның қандай да бір факторы аяқ астынан әсер ету нәтижесінен, тіннің анатомиялық бүтіндігінің бұзылуы және онда физиологиялық процестердің болуын айтады.

Әртүрлі жастағы балалар тобы арасында қайталанатын ұқсас жағдайдағы зақымданулар, балалар жарақатының түсіндірмесіне жатады.

Балалар жарақаты, әсіресе балалар каникулға кеткенде болмай қоймайтын кесел сияқты, каникулда баланы бақылау және қауіптерден қорғау өте қиын. Шындығында, көптеген жарақат және қауіпті жағдайлардың алдын алуға болады. Балалар жарақатының алдын алу салмағы әрине, ата-аналар мен мұғалімдерге түседі.

Балалар жарақаты, ересектер жарақатына қарағанда анағұрлым кең тараған, бұл таң қаларлық жайт емес. Балалар өте бәрін білгіш, қоршаған әлемді белсенді танып-білуге тырысады. Дегенмен, оларда өмірлік дағды әлі аз, бірақ олар жағдайдың қауіптілігін әрқашан бағалай алмайды. Сондықтан, да балалар жарақаты, сирек емес.

Балалар жарақатын шартты түрде, бала қай жерде жарақат алған орнына қарай, бес типке бөлуге болады:

  1. тұрмыстық (үйде, аулада, балабақшада болатын жарақаттар);
  2. көшеде (бірінші кезекте көліктік, дегенмен көлікпен байланысты еместер де);
  3. мектептегі;
  4. спорттық
  5. басқалар.
Просмотров: 407


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст